«Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығы (2026.25.01. берілген өзгерістермен)

Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығы

(2026.25.01. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 131-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) қаржылық есептілік нысандары:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ҚЕ-1-нысан «Бухгалтерлік баланс»;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ҚЕ-2-нысан «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп»;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ҚЕ-3-нысан «Қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп»;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ҚЕ-4-нысан «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп»;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ҚЕ-5-нысан «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба»;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ҚЕ-6-нысан «Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс»;

2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.