«Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 380 бұйрығы

Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 380 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20283 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі айлық және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бекiтiлсiн:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару бойынша шешімдер қабылдау қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі айлық және жылдық есептердің нысандары.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлікті күтіп ұстау бойынша шешімдер қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.