«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 8 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 8544 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары;