«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 49 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. «Пирамида» есебі нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС-тың асып кету сомасының анықтығын растау талапта және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген, салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тиесілі ҚҚС асып кету сомасына азайтылған сомалар шегінде мынадай: