Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) кәсіби аудиторлық және аудиторлық ұйымдардың тізбесі мен есептілікті ұсыну мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есептің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) міндетті аудитті жүргізетін аудиторлық ұйымдардың ең аз талаптарына сәйкестігі туралы тоқсан сайынғы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) аудиторлық ұйымдардың қызметтерінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есептің нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) кәсіби аудиторлық ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы тоқсан сайынғы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.