«Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 16-қосымша) (2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 16-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 272 бұйрығына

16-қосымша

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-180/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

 

«Жедел медициналық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.27.09. № ҚР ДСМ-128 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Жедел медициналық көмекті шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді берген сәттен бастап - 1 жұмыс күні ішінде («Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес).

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 5 минут;

қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты -1 жұмыс күн ішінде (Қағидаларға сәйкес).

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.