Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 77 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 8131620,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3027453,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 28518,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 114200,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 4961449,0 мың тенге, оның ішінде субвенциялардың көлемі - 554078,0 мың теңге;
2) шығындар - 8131620,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 38261,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 51688,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 13427,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -38261,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 38261,0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 51688,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13427,0 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 3452486,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
3. 2024 жылға арналған қала бюджетінде нысаналы даму трансферттерінің көлемі республикалық бюджеттен 300000,0 мың теңге сомасында, облыстық бюджеттен 642232,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
4. 2024 жылға арналған қала бюджетінде республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер көлемі 51688,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға 51688,0 мың теңге сомасында.