(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК...

Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығы

(2022.10.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар;

3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар;

4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар бекітілсін.

2. «Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 6 ақпандағы № 30 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5169 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 17 шілдеде № 7 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.