Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығы
(2021.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.27.03. № 156 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.27.03. № 156 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы су көлігінің тиесілік заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (А.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;