«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 46/қе бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 46/қе бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы автокөлік бейнетіркегіші (бұдан әрі - бейнетіркегіш) - күзетте ұсталатын адамдарды айдауылдауға және этаппен жіберуге арналған арнайы автомобильде аудиобейнежазбаларды жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы;

2) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі - бейнежетон) -күзетте ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауға тартылған тергеу изоляторы қызметкерлерінің, тергеу изоляторы басшылығының және оған уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тергеу изоляторының медицина қызметкері медициналық тексеру өткізу және медициналық көмек көрсету барысында аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Тергеу изоляторларындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, дене күшін, арнайы құралдарды, газ және оқ ататын қаруларды қолдану тәртібі»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.