Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу»;