«Базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәнін және базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 124 Қаулысы

Базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәнін және базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 124 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына және 22-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәні тиісті айдың соңғы жұмыс күні ретінде айқындалатын әрбір айдың есепті күнінде 500 000 000 000 (бес жүз миллиард) теңгеден аспайтыны;

2) базалық банк лицензиясы бар банк ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаны қоса алғанда, базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлері және олар бойынша күнделікті қалдықтар:

ұлттық валютадағы жинақтау салымдары (депозиттері) бойынша 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден;

ұлттық валютадағы өзге де депозиттер (банктік шоттардағы ақшаны қоса алғанда) бойынша 10 000 000 (он миллион) теңгеден;

шетел валютасындағы депозиттер бойынша (банктік шоттардағы ақшаны қоса алғанда) 5 000 000 (бес миллион) теңгеден аспайтыны белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.