ҚР СТ 3469-2019 «Ауа сапасы. Өндірістік шаңдағы кремний аморфты диоксидін фотометриялық әдіспен анықтау»

ҚР СТ 3469-2019

 

Ауа сапасы

Өндірістік шаңдағы кремний аморфты диоксидін фотометриялық әдіспен анықтау

 

 

Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Әдістің мәні

4. Өлшеу құралдары, қосалқы құрылғылар, реактивтер, материалдар

5. Ауа сынамасын алу

6. Өлшеуге дайындық

7. Өлшеуді орындау

8. Концентрацияны есептеу

А қосымшасы (ақпараттық)

Библиография

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт өндірістік шаңдағы кремний аморфты диоксидін анықтаудың фотометриялық әдісін белгілейді.

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартты қолдану үшін стандарттау жөніндегі мынадай құжаттар қажет:

ГОСТ 1770-74 Зертханалық шыны өлшеуіш ыдыс. Цилиндрлер, өлшеуірлер, сынауықтар, құтылар. Жалпы техникалық шарттар

ГОСТ 3765-78 Реактивтер. Молибден қышқылды аммоний. Техникалық шарттар

ГОСТ 4204-77 Реактивтер. Күкірт қышқылы. Техникалық шарттар

ГОСТ 4328-77 Реактивтер. Натрий гидрототығы. Техникалық шарттар

ГОСТ 5817-77 Реактивтер. Шарап қышқылы. Техникалық шарттар

 

Ескертпе - Осы стандартты пайдалану кезінде ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын шығарылатын «Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар» ақпараттық көрсеткіші және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын шығарылатын ақпараттық көрсеткіштер бойынша сілтемелік стандарттардың қолдану күшін тексеру орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылған болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.

 

 

3. Әдістің мәні

 

Әдіс қайнату кезінде аморфты кремний диоксидін күйдіргіш сілтіде ерітуге және кремнийді көк кремнемолибдендік кешен бойынша анықтауға негізделген. Сынамаларды алу АФА-ВП сүзгілеріне шоғырландыра отырып жүргізіледі.

Сынаманың талданатын көлеміндегі төменгі шегі - 2 мкг.

Ауадағы төменгі өлшем шегі - 0,5 мг/м3 (100 л ауаны алу кезінде).

Өлшенетін концентрация ауқымы 0,5-15 мг/м3,

Өлшеудің жиынтық қателігінің шегі ± 20%-дан аспайды.

Кремнийдің кристалды диоксиді өлшеуге кедергі келтірмейді, тез еритін силикаттар мен элементті кремний кедергі келтіреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.