«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 70 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 251 бірлескен бұйрығы

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 70 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 251 бірлескен бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының Салық кодексі» 45-бабының 6-тармағы 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен құпия ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген тәртіппен осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы бірлескен бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның интернет-ресурстарда жариялануын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.