«Спортпен шұғылдану кезiнде және оқу мақсатында қаруды қолданудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шілдедегі № 203 бұйрығы

Спортпен шұғылдану кезiнде және оқу мақсатында қаруды қолданудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 28 шілдедегі № 203 бұйрығы

 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спортпен шұғылдану кезiнде және оқу мақсатында қаруды қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт

Министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 28 шілдедегі

№ 203 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Спортпен шұғылдану кезiнде және оқу мақсатында қаруды қолданудың

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.