«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 933 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 1647 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларында:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған өтініш береді.
Қызмет көрсетуші арқылы жүгінген жағдайда студент осы Қағидаларға 3-1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қосымша ұсынады.