Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 205 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 250 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидасы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.