«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 583 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 583 бұйрығы

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Түсімдердің атқарылуы кезінде және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері:

түсімдердің атқарылуын талдау;

төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын және төленген міндеттемелерді салыстыру жолымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеруін талдау;

төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жоспар) сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілмеу және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жоспар) сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептерін анықтау болып табылады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін республикалық және тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпарат негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Есептi кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының игерілмеуі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының және төленген міндеттемелердің, бюджет қаражатының үнемделуінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің және шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың бөлінбеген қалдықтары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет қаражатының үнемделуіне:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.