Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы
(2025.09.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2025.22.04. № 164-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.