(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН...

Предыдущая страница

3. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламамен бірге нарық кеңесіне сондай-ақ:

1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат;

2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;

3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы енгізіледі.

4. Уәкілетті орган айқындаған мерзімнен кеш ұсынылған және осы баптың 3-тармағына сәйкес келмейтін, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесінің қарауына қабылданбайды.

2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.

Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.

Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайтадан алуға міндетті.

6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес нарық кеңесіне ұсынылған, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарайды.

7. Нарық кеңесі отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша оны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы жеке-жеке қорытынды дайындайды.

8. Нарық кеңесінің қорытындысы негізінде уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

Энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлайтын республикалық маңызы бар қалада газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасудан бас тартуға негіз болып табылады.

9. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімде мынадай ақпарат:

1) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;

2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі қамтылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушымен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне осы Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуына тыйым салынады;

2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады.

Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтер енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай айқындалады;

4) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген күннен бастап кемінде он жыл болатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;

5) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыны пайдалануға берудің жоспарлы күніне сәйкес келетін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталған күні;

6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы мәліметтер қамтылады.

10. Уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасасқаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы ұйымдармен инвестициялық келісімде көрсетілген тарифтер бойынша, көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады.

11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тиісті энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу актілерін енгізген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ осы баптың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген күннен кейін жүзеге асырылады.

Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтермен жүзеге асырылады.

12. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасалған энергия өндіруші ұйымның осы баптың 11-тармағында көрсетілген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметі іс жүзінде сатып алынған күннен бастап оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады.

Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

13. Осы баптың шеңберінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның жыл сайынғы амортизациясының шамасы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифке енгізілуге жатпайды.

14. Осы баптың күші уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-10-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

15-10-бап. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы

1. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді реттеуге электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің қатысуын ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі теңгерімсіздіктер үшін төлемді атаулы бөлуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.

2. Теңгерімдеуші электр энергиясын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалатын теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарты шеңберінде жүзеге асырылады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттарын, сондай-ақ қосылу шартын жасасуға міндетті.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімсіздігін нақты реттеу нәтижелері бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүзеге асыратын теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдері мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздігін есептеу және қосылу шарты шеңберінде оларға жүргізілетін өзара есепке алу негізінде теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы өзара қаржылық міндеттемелерді көтереді.

Теңгерімдеуші электр энергиясын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теріс теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату көлемі әрбір теңгерімдеу аймағы үшін жеке есептеледі.

Теңгерімдеу аймақтары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына бір мезгілде тиісті өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын жауапкершілікті беру шарты бойынша бір теңгерімдеу аймағы шеңберінде теңгерім провайдеріне беруге құқылы.

Теңгерім провайдерінің қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

Теңгерім провайдерінің теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату көлемі жиынтығында теңгерім провайдері бойынша және өз теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері бойынша теңгерімдеу аймағында есептеледі.

3. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын өткізуді (сатуды) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына ғана жүзеге асырады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан ғана сатып алуды жүзеге асырады.

Жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешені бар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші электр энергиясын сату (теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу) үшін жүйелік операторға уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер береді.

Көтеріп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерде көрсетілетін бағалар теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспауға тиіс.

Төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерде көрсетілетін бағалар теріс теңгерімсіздіктерге шекті тарифтен аспауға тиіс және теріс не нөлге тең бола алмайды.

Көтеріп (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерде көрсетілетін көтеріп (төмендетіп) теңгерімдеу көлемін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері дербес, бірақ электр қуаты нарығының талаптары ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін осы субъектілерге сәйкес келетін төмендетіп (көтеріп) теңгерімдеудің ең аз көлемінен төмен емес етіп айқындайды.

Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф пен теріс теңгерімсіздіктерге шекті тариф бекітуге жатпайды және оны осы Заңда айқындалған тәртіппен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы айқындайды.

4. Көтеріп (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді іріктеу және іске қосу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға қойылған және өткізілген электр энергиясының айырмасынан асатын көлемде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерін қабылдауға және іске қосуға тыйым салынады.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын әрбір теңгерімдеу аймағы үшін жеке-жеке сатып алады.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатында сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын:

1) көтеріп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;

2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алумен бір мезгілде теріс теңгерімсіздіктерді сатуға да жол беріледі) жүйелік оператордан сатып алуды жүзеге асырады.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теңгерімдеуші электр энергиясын сату бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы теріс теңгерімсіздіктерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.

«Авария» режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеудің әрбір аймағының теріс теңгерімсіздіктерін жеке-жеке сатады.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағатында сататын теңгерімдеудің тиісті аймағындағы теріс теңгерімсіздіктер көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді:

1) төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;

2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теріс теңгерімсіздіктерді сатумен бір мезгілде теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға да жол беріледі) жүйелі операторға сатуды жүзеге асырады.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.

Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті.

«Авария» режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

7. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі мен теңгерім провайдерінің теңгерімсіздіктері әрбір теңгерімдеу аймағы бойынша жеке есептеледі (айқындалады).

9. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерінен теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға жасалған шарттар шеңберінде сатып алған теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді төлеуді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы ай сайын, бірақ сатып алу айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға жасалған шарттар шеңберінде сатып алған теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді төлеуді осы субъектілер ай сайын, бірақ сатып алу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы өзара есеп айырысулар жүйелік оператордың деректерін негізге ала отырып, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүзеге асыратын теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерінің есептері негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарттар жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері есептік кезеңнің қорытындылары бойынша уәкілетті орган көздеген тәртіппен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады.

11. Электр энергиясының коммерциялық экспорты шарты (бұдан әрі - экспорт шарты) шеңберінде басқа мемлекеттің ұйымына (тұтынушысына) электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің теңгерімсіздіктері үшін жауаптылықтан басқа, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, экспорт шартында көрсетілген Қазақстан Республикасынан электр энергиясын экспорттау көлемдерінен осы субъектінің электр энергиясын босатуындағы ауытқулармен байланысты Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін де жауапты болады.

Электр энергиясының коммерциялық импорты шарты (бұдан әрі - импорт шарты) шеңберінде басқа мемлекеттің ұйымынан (өндірушісінен) электр энергиясын қабылдауды жүзеге асыратын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің теңгерімсіздіктері үшін жауаптылықтан басқа, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, импорт шартында көрсетілген Қазақстан Республикасына электр энергиясын импорттау көлемдерінен осы субъектінің электр энергиясын қабылдауындағы ауытқулармен байланысты Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін де жауапты болады.

12. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде жұмыс істеген кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасқан энергия өндіруші ұйымдар және Тізілімге енгізілген әрі тиісті тұлғалар тобы шеңберінде тұтынушылармен электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екіжақты шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға күн сайын уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес алдағы жоспарлау тәуліктерінің әрбір сағатына жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беруге және жүйелік оператор оларды іске қосқан жағдайда осы өтінімдерді орындауға міндетті.

13. Уәкілетті орган айқындайтын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы:

1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерімен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттарын жасасады;

2) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады;

3) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін теңгерімдеудің әрбір аймағы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын сатуға және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алуға сағаттық орташа өлшемді бағаларды есептеуді жүзеге асырады;

4) операциялық сағаттың қорытындылары бойынша теңгерімдеуші нарықта аукцион бағалары туралы ақпараттың қолжетімділігін үздіксіз қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы мен теңгерімсіздіктерінің сағаттық көлемдерін есептеуді жүзеге асырады;

6) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және теріс теңгерімсіздіктерге шекті тарифті айқындайды;

7) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастырады;