6-1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
8) нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
11) ұлттық электр желісіне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
19) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды
22-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 22-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
22-3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергетикалық аймақтар бөлінісінде цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді болатын электр энергиясының квотасын және электр энергиясын тұтыну бейінін айқындайды және квотаның есеп-қисабы үшін пайдаланылған электр энергиясының тапшылығы мен профицитінің бар-жоғы туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен бірге өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ осы ақпаратты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға береді;
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жүйелік оператордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден сатып алу-сатуды мынадай жағдайларда:
1) технологиялық және өндірістік қажеттіліктерге;
2) басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін жүзеге асыруға құқығы бар.
2-1. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2-тармақ 2028 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
2-2. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асыруына да құқығы бар.
3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
10-1-бап. 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2-бап. Нарық кеңесі
1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарайды;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) уәкілетті органға электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінің жобасына сараптама қорытындысын ұсынады;
3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-3-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы
1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады;
2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті алады, оның ішінде осы Заңның 15-3-бабының 3-4, 3-5 және 3-6-тармақтарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін қосымша сатып алуды жүзеге асырады;
4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;
5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің алдағы күнтізбелік жылға бағасының есебін және оны өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен осы Заңның 15-8-бабында көрсетілген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылы электр қуаты нарығындағы қызмет шеңберінде оң қаржылық нәтиженің қорытындылары бойынша пайда болған қаражатты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы жылға бағаны төмендетуге жұмсайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген мерзімге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі өкiмдер
1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөніндегі өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.
2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөніндегі жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.
12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:
1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;
2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Нетто-тұтынушыларды қоспағанда, электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар:
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;
2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі және қосалқы жабдықтарды, аварияға қарсы және режимдік автоматика, релелік қорғау, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы олардың сыныптамасына сәйкес және энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлік паспортын алуға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сағаттық мөлшерлемелерді ескере отырып, электр энергиясына арналған тиісті шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;
2) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4) - 9) тармақшалармен толықтырылды
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес 4) тармақша 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұруға жіберуге;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты электр қуатының әзірлігін ұстап тұруға пайдаланылғаны туралы растайтын материалдары бар есепті ақпарат беруге;
5) - 8) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті пайдаланады);
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
12) келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің дерекқорынан жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі мен телеөлшеу жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемдерде электр энергиясын сатып алу арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруды жүзеге асыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын авариялық істен шыққан қуаттар көлемінде сатып алуды өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысымен жасалатын шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарттар шеңберінде жүзеге асырады.
4. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуатының нарығына қатысуға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сəйкес электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізу үшін тиісті заңды тұлға:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасасуға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға;
3) энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға (қажет болған кезде);
4) жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға;
5) жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға (генерациялайтын қондырғылар болған, сондай-ақ импортты жүзеге асырған жағдайда) міндетті.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын коммерциялық есепке алудың тиісті аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес есепті кезеңде (күнтізбелік айда) өздері нақты тұтынған электр энергиясы көлемдерінің негізінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру бойынша көрсететін қызметтеріне, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерге және ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге тиісті шарттарда көрсетілген тарифтер бойынша ақы төлеуге міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті, теріс теңгерімсіздікке шекті тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі
1. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген электр энергиясына шекті тарифтен аспайтын электр энергиясын өткізеді.
Электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болған кезде түзетіліп отырады.
Электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін оның қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады.