(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН...

Предыдущая страница

Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сағаттық мөлшерлемелер ескеріле отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеу үшін үстемеақыға ұлғайтылған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясына ең жоғары шекті тариф ретінде айқындалады.

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін рұқсат етілген, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасын білдіретін теріс теңгерімсіздіктерге шекті тариф Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясына ең төмен шекті тариф ретінде айқындалады.

Электр энергиясына шекті тарифті түзету электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, мұнай өнімдеріне, электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын суға баға құнының және (немесе) көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты энергия өндіруші ұйымның уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып берілген уәкілетті органға жолданымы негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.

Егер энергия өндіруші ұйым жоғарыда аталған шығындарға байланысты залал шеккен болса, уәкілетті орган электр энергиясына шекті тарифтерді түзету кезінде алты айдан аспайтын кезеңдегі шеккен шығындарды ескереді.

Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі.

Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына тарифтің шекті деңгейін бекіту немесе түзету қажеттігін растайтын құжаттарды уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы береді.

Осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есептің қорытындылары бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына шекті тарифтің деңгейін қайта қарайды.

Электр энергиясына шекті тарифті айқындау кезінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алуға байланысты шығындар есепке алынбайды.

2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті дербес, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті уәкілетті орган жылдарға бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітеді және қажет болған кезде саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіліп отырады.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айқындау үшін қолданысының алғашқы жеті жылына уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар 2015 жылы салған инвестициялардың жиынтық көлемі (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) пайдаланылады.

3. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен бірінші - бесінші, жетінші бөліктері 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды (бұр.ред.қара); алтыншы бөлік 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болды (бұр.ред.қара)

3-1. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)

4 - 6. 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы көтерме және бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желісі арасында жүйелiк оператормен келісілген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.

2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi.

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өз тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын, өздерінің қызмет көрсету аймағында орналасқан, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді шарттары болмаған гидроэлектр станцияларынан осы Заңның 12-1-бабына сәйкес белгіленген электр энергиясына шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады.

Бұл ретте электр энергиясын осы гидроэлектр станцияларынан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде сатып алуға жол беріледі.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-1-тармақ жаңа редакцияда; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-1. Энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясының бүкіл көлемін осы Заңға сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне сатуды жүзеге асыруға міндетті.

Бір тұлғалар тобына өздерімен бірге кіретін тұтынушыларға және бір гибридті топқа өздерімен бірге кіретін гибридті топ әкімшісіне электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тұлғалар тобынан және гибридті топтан тыс электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте электр энергиясын кейіннен сатпай өз қажеттіліктері үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес энергия өндіруші ұйым өткізуге мәлімдемеген электр энергиясының көлемі жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінім беру арқылы өткізуге жатпайды.

Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның осы Заңның 10-бабының 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда электр энергиясын сатуды жүзеге асыруына құқығы бар.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-2. Энергия өндіруші ұйымға:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және (немесе) онымен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыны не онымен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісін қоспағанда, электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);

 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға);

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-2) осы Заңның 9-4-бабының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге өткізуге (сатуға);

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) егер осы баптың 16-тармағында өзгеше көзделмесе, басқа энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын алуға (сатып алуға);

2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады.

Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер:

энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса;

энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе;

энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса;

көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі;

2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) мынадай жағдайларды:

электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;

жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-3-тармақ өзгертілді; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 3-3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 3-3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға:

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге, басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымнан алуға (сатып алуға);

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) жүйелік оператор қалыптастыратын қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіндегі, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.

Қуат нарығын тұтынушылардың тізбесі жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүйелік оператор қуат нарығын тұтынушылар құрамының өзгеру фактісі бойынша жаңартып отырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізудің мынадай жағдайларына:

қуаттардың авариялық істен шығу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүйелік оператор растаған, электр энергиясын өндірудің, берудің техникалық мүмкіндігінің болмауы немесе шектелуі себебінен, тұтынушы электр энергиясын сатуға шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруді қысқарту немесе тоқтату кезеңіне қолданылмайды.

2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-4. Электр энергиясы мен қуатын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру бойынша көрсетілетін қызметті, техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілетін қызметті, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін, электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға байланысты электр энергиясы мен қуатының көтерме саудасы нарығындағы құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

3-5. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 3-6-тармақпен толықтырылды

3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады.

Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды.

Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-7. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзінің электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана электр энергиясын өткізуге рұқсат етіледі.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-8-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

3-8. Гибридті топ әкімшісі:

1) тиісті гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын алуды (сатып алуды) жүзеге асырады;

2) гибридті топ тұтынушыларына электр энергиясын өткізуді (сатуды) жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына және электр қуаты нарығына қатысады;

4) гибридті топтың теңгерім провайдері болып табылады;

5) гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен гибридті топ тұтынушылары үшін электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушы, жүйелік оператор, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы алдында қаржылық міндеттемелері болады;

6) бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдерін бірыңғай басқаруды қамтамасыз етеді.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-9-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

3-9. Гибридті топ әкімшісі гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымда бекітілген шекті тариф болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

3-10. Гибридті топ тұтынушысы электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға құқылы.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

3-11. Гибридті топ әкімшісіне:

1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);

2) келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.

5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.

6-тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

6-3. Электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру үшін энергия беруші ұйымдар кəсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын жасасуға міндетті. Шарт энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құнына (шығындар тізбесі) ақы төлеу жүргізілгеннен кейін жасалған деп есептеледі.

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. Энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуға мiндеттi.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-1. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде:

1) осы Заңға сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;

2) осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері;

3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылары өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;

4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;

5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары төлейді.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 7-2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар, оның ішінде инвестициялық тарифті алушылар және цифрлық майнерлер, олар осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде төлейді.