«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 173 бұйрығы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 173 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық парақ - таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;

2) арнайы пән - қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;

3) ахуалдық орталық - білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналасқан, қағаз және электрондық форматтағы ҰБТ өткізу процесін бақылау үшін коммуникация құралдарымен жабдықталған зал;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.