«Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығы

Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабының 6-тармағына және 2019 жылғы 29 мамырда Астана қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы Келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндет атқарушысының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 «Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26670 болып тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1207 ««Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндет атқарушының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30856 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.