«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығы (2025.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығы

(2025.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 98 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.19.06. № 176 бұйрығымен (2023 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 98 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.