«Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 249 бұйрығы

 «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 249 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9678 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 3 кыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Атақ берудің тәртібі»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік спортттық телевизиялық репортаж»;

2) «Үздік спорттық жарияланым»;

3) «Үздік спорттық фоторепортаж».»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушы уәкілетті органға мына құжаттарды:

1) бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтінішті (өтініш тек бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылады);

2) конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.