«Жылу электр станцияларындағы 30 %-дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына 1-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

1 қосымша

 

 
Жылу электр станцияларындағы 30 %-дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр
көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Жылу электр станцияларындағы 30 %-дан астам ұшпа заттардың шығуымен қоңыр көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормасын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) қазандықтың бу өнімділігі - агрегат бір сағаттың ішінде өндірген бу көлемі;

2) қождау - күлдің жұмсарған бөлшектерінің кететін газдардың жүрісі бойынша қазандықтың қызатын бетіне жабысуы;

3) қожды кетіру - булы қазандықтың оттығынан қатты отынды жағу кезінде түзілген, ошақтық қалдықтарды кетіру;

4) отынның номиналды шығыны - номиналды жүктеме кезінде қазандықпен шығындалған, отын мөлшері;

5) қазандықтың номиналды жүктемесі - отынның жану жылуы бойынша пайдалы әсер коэффициенті (бұдан әрі - ПӘК) ескермегендегі қазандықтың толық қуаты;

6) отынның қызу шығару мүмкіндігі - отын толық жанған кезде бөлінетін, жылу мөлшері;

7) диірмендердің өнімділігі бойынша қор - бірден үлкен коэффициентті және ұнтақтаудың белгіленген жұқалығын пайдалану кезіндегі пайдалы қуаттың бір бірлігіне шаққандағы, өнімділік; 8) шаң дайындайтын қондырғы - қазандыққа түсетін отынды дайындауға арналған, құрылғы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.