Мақат ауданының салық салу объектісінің елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм.) бекіту туралы
Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 224 Қаулысы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақат ауданының салық салу объектісінің елді мекендерде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм.) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.