«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 384 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
20-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын:
1-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
20-тармақ мынадай редакциядағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) СМАЖ-дағы Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен расталған танап туралы мәліметтердің болуы;»;
4-1, 5, 5-1, 6, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20 және 21-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8,9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.