Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 158 шешімі
(2023.14.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 39-3 бабының 3-1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.
2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округтер үшін оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2021.15.09. № 62 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.12.11. № 75 шешімімен (бұр.ред.қара) регламенті жаңа редакцияда
Байғанин аудандық мәслихатының
2018 жылғы 6 маусымдағы
№ 158 шешімімен бекітілген
Байғанин ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының
Регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер