«Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 22 қазандағы № 344-НҚ және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 23 қазандағы № 537 бірлескен бұйрығы

Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 22 қазандағы № 344-НҚ және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 23 қазандағы № 537 бірлескен бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 204-8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтер тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.