«Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 және «Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 101 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінің № 217 (28093) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.