«Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы №1117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 673 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, поштаны және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12563 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдер бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;