«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 626 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларында:
7-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«199. Әскери қызметшілерді жүзу бойынша тексеру судың +17°С төмен емес температурасында; шапшаң қозғалуда, шаңғы жарысы және шаңғымен қашықтыққа жүгіруде - -25°С төмен емес, 5-10 м/с жел кезінде -20°С төмен емес, 10-15 м/с желде - -15°С төмен емес; басқа да жаттығулар бойынша -25°С төмен емес, +35°С жоғары емес ауа температурасында жүргізіледі.»;
211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«211. Әскери оқу орындары оқу бөлімшелерінің дене шынықтыру дайындығының бағасы тексерілген әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша жалпы бағаларының қосындысынан айқындалады:
1) «өте жақсы» - егер 90%-ы жақсы баға алса, бұл ретте тексерілгендердің жартысынан көбінің бағасы «өте жақсы» және бөлімшенің тізімдік құрамының кемінде 80%-ы тексеруге ұсынылса;