Қазақстан Республикасының аумағында уран саласындағы ұлттық компаниямен бірлесіп, зауыт өнімін өткізу нарығы бойынша шектеулер қоймай, осындай зауыт салу арқылы уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау;
уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысының (акционерінің) уран өндіруді ұзартудың бүкіл кезеңіне өнімді кепілдендірілген сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту зауытының өнімін кепілдендірілген өткізу нарығын зауыттың жылдық қуатының кемінде елу пайызы мөлшерінде қамтамасыз етуі шарттарымен беруі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында санамаланған міндеттемелер Қазақстан Республикасының аумағында уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау жөніндегі келісімдерде бекітілуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайларда, уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының аумағында уранды бес пайызға дейін байытылған уран гексафториді нысанына дейін конверсиялау және байыту технологиясын ендіру және оқшаулау жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.»;
5-2 және 5-3-тармақтар алып тасталсын;
40) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) 176-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уран өндіру кезеңінде уран кен орнының геологиялық құрылысы мен қорларын нақтылау мақсатында уран саласындағы ұлттық компанияның және (немесе) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаның ғана өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізуіне жол беріледі.
Егер дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде тоқсан пайызы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлға болып табылмайтын жер қойнауын пайдаланушы уран кен орнының геологиялық құрылысы мен қорларын нақтылау мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіру учаскесіне жете зерттеу (жете барлау) жүргізген болса, соның нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган қорлардың өсімін растаса, уран саласындағы ұлттық компания мұндай жер қойнауын пайдаланушыға жете зерттеуге (жете барлауға) жұмсаған шығындарын өтейді.
Бұл ретте жете зерттеуге (жете барлауға) жұмсалған шығындарды «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын адам растауға тиіс.»;
40) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Уран өндіруге арналған келісімшартта осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің біреуі бекітілген кезде уран өндіруге арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында бекітілген өндіру көлемін және (немесе) қорларды ұлғайтуға жол беріледі.»;
41) 186-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасы «толық» деген сөзден кейін «немесе ішінара» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы «, 6) және 7)» деген сөздер «және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 187-баптың 1-тармағында:
«тұлға» деген сөзден кейін «және (немесе) уран саласындағы ұлттық компания» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уранды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалған жер қойнауында уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар аумақтар бойынша уран саласындағы ұлттық компания ғана өтініш беруші бола алады.»;
43) 193-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер барлау учаскесінде уранның кенденуі және (немесе) уранның кенжатыны болса, басқа пайдалы қатты қазбалардың кендерін және уранды ілеспе пайдалы құрауыш ретінде кешенді түрде минералдандыру жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының тиісті блоктар бойынша барлау учаскесінің уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар бір бөлігінен бас тартуы және (немесе) уран саласындағы ұлттық компанияның барлау жөніндегі операцияларды жүргізуі шартымен лицензияның мерзімін ұзартуға жол беріледі.»;
44) 201-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уран кен орны табылған жағдайда пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия иесінің осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағы және 160-бабының 2-тармағы негізінде өндіру учаскесінің берілуіне айрықша құқығы болмайды.»;
45) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) 277-бапта:
3-тармақта:
тоғызыншы абзац «көмірсутектер» деген сөзден кейін «және уран» деген сөздермен толықтырылсын;
45) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«173 және 174-баптарда, 176-баптың 1, 7, 8 және 9-тармақтарында, 177, 178, 179, 180, 181 және 184-баптарда;»;
5-1-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «2026» деген цифрлар «2030» деген цифрлармен ауыстырылсын;
12-тармақтың бірінші абзацындағы «2026» деген цифрлар «2030» деген цифрлармен ауыстырылсын;
14-тармақтың 1) тармақшасындағы «2026» деген цифрлар «2030» деген цифрлармен ауыстырылсын;
46) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) 278-бапта:
14-1 және 22-1-тармақтар алып тасталсын;
26-тармақ «жасалған» деген сөзден кейін «пайдалы қатты қазбалар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақтың он бірінші бөлігіндегі «құзыретті» деген сөз «сарқылып жатқан кен орнына (кен орындарына) жататын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөліп шығаруды қоспағанда, құзыретті» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) тармақшасының бесінші - жиырмасыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер өтініш берілген күнге физикалық жұмыстардың орындалмаған көлемі бойынша міндеттемелер кейінгі кезеңдердің міндеттемелерінде көзделетін жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі төртінші абзацының талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келетін кен орындарына қатысты қолданылмайды.»;
оныншы бөліктің үшінші абзацындағы «жетінші» деген сөз «оныншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41 және 42-тармақтармен толықтырылсын:
«41. Өндіру учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы дайындық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өту туралы өтініш 2026 жылғы 1 наурызға дейін берілсе;
2) өтініш беру кезінде жер қойнауын пайдаланушыда бастапқы келісімшарт бойынша міндеттемелердің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жойылмаған бұзушылықтары болмаса;
3) өндіру учаскесі (кен орны) мынадай талаптардың біріне сәйкес келсе:
осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген параметрлердің кем дегенде біреуі болатын құрлықтағы жобаларға жатқызылса;
жиынтығында мынадай көрсеткіштері бар көмірсутектер кен орны қорларын қамтыса:
қатталған жағдайларда мұнайдың тығыздығы кемінде 880 кг/м3 құраса;
мұнай кенжатынының жоғарғы шекарасы (шатыры) бір мың метрден астам тереңдікте болса, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өтуге құқылы.
Осы тармаққа сәйкес күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өту туралы өтініш осы баптың 40-тармағының алтыншы - он екінші бөліктеріне сәйкес қаралады.
Бұл ретте осы баптың 40-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, өтінішке жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, өндіру учаскесінің (кен орнының) осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының талаптарына сәйкестігін растайтын геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп қоса беріледі.
Осы тармаққа сәйкес күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өту кезінде келісімшартта осындай келісімшарт бойынша өндірудің нақты мерзімі шегеріле отырып, осы Кодекстің 119-бабының 1-1-тармағында көзделген өндіру кезеңінің мерзімі белгіленеді.
42. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес жер қойнауы учаскелерінің шекаралары аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерінің аумағында толығымен болатын, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген, осы тармақта көрсетілген өтінішті беру күніне қолданылып жүрген жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін құзыретті органға өтініш беру арқылы осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт жасасуға құқылы.
Осы тармаққа сәйкес аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған жағдайда, жер қойнауын геологиялық зерттеуге бұрын берілген лицензия келісімшарт жасалған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін барлау кезеңі аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауының учаскелері үшін жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режиміне көшу туралы өтініш берілген күнге қолданылып жүрген жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның нақты мерзіміне азайтылған алты жыл мерзімге бекітіледі.
Осы Кодекстің 117-бабы 1-тармағы үшінші бөлігінің ережелерін қоспағанда, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін кейіннен ұзартуға осы Кодекстің 117-бабында көзделген тәртіппен және шарттарда жол беріледі.
Барлау кезеңінің жұмыстар бағдарламасы осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жұмыстардың түрлері мен көлемі бойынша ең төменгі талаптарды қамтуға тиіс. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу кезінде құзыретті орган жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша неғұрлым жоғары болатын ең төменгі талаптарды белгілеуге құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушының осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режиміне көшуді жүзеге асыруына негіз болған жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған қолданыстағы лицензия бойынша аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде іс жүзінде орындалған жұмыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің жұмыстар бағдарламасында көзделген осы жер қойнауы учаскесінде тиісті жұмыс түрлерін орын- дау есебіне ескерілуі мүмкін.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу кезінде барлау учаскесі осы Кодекстің 110-бабының талаптарына сәйкес айқындалады.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлға учаскелерінің шекаралары аз зерттелген аумақтарда орналасқан жер қойнауы учаскелерінің шегінде толығымен орналасқан жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған екі және одан көп лицензияға ие болса, мұндай тұлға осы Кодекстің 110-бабының талаптарына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған тиісті лицензияның негізінде аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге бір немесе бірнеше жекелеген үлгілік келісімшарттар жасасуға құқылы.
Осы тармаққа сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес айқындалған барлау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына тыйым салынады.
Жер қойнауын пайдаланушы аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын қол қою бонусының бастапқы мөлшеріне тең сомада қол қою бонусын төлейді.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болуға тиіс.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт жасасуға арналған өтініште мыналар қамтылуға тиіс:
1) осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны иеленуші туралы мәліметтер;
2) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның берілген күні мен нөмірі, жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесі шекараларының координаттары;
3) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін сұралатын жер қойнауы учаскесі шекараларының координаттары.
Өтінішке қосымша түрде мыналар:
1) қол қою бонусына ақы төлеу растамасы және аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына сәйкес келетін, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған, өтініш беруші қол қойған келісімшарт;
2) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
3) осы Кодекстің 96-бабы 3-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген құжаттар;
4) барлау кезеңінің жұмыстар бағдарламасы;
5) өтініш беруші жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған тиісті лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінде жүргізген сейсмикалық барлау жұмыстары туралы мәліметтер қоса беріледі.
Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдайды немесе келісімшарт жасасудан бас тартады.
Өтініш осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда немесе егер сұралатын жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өзге тұлғаның пайдалануында болса, құзыретті орган аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасудан бас тартады.
Құзыретті органның бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны құзыретті органның бас тартуында көрсетілген бұзушылықтар жойылғаннан кейін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, құзыретті орган жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімшарт жасасады және оның қол қойылған данасын өтініш берушіге жібереді.
Шекаралары ішінара немесе толығымен сәйкес келетін жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның әртүрлі иеленушілері берген, аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт жасасуға арналған өтініштер олардың түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.
Егер шекаралары ішінара немесе толығымен сәйкес келетін жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның әртүрлі иеленушілері аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасасуға бір күнде екі және одан көп өтініш берген болса, өтініштерді қарау кезектілігі (басымдығы) жер қойнауын геологиялық зерттеуге бұрын берілген лицензия бойынша айқындалады.».
1) 2025 жылғы 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21) тармақшасын;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 35) тармақшасын, 39) тармақшасының бірінші, үшінші - оныншы абзацтарын, 40) тармақшасының бірінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 45) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші - тоғызыншы абзацтарын және 46) тармақшасының бірінші, бесінші - жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 желтоқсан
№ 243-VIII ҚРЗ