Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 28 тамыздағы № 522/НҚ бұйрыққа 1-қосымша) (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Жасанды

интеллект және

цифрлық даму министрінің

міндетін атқарушы

2026 жылғы 28 тамыздағы

№ 522/НҚ бұйрыққа

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 5-тармағымен сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі - АКҚҚ) - криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттердің өндіруді, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе бағдарламалық-аппараттық кешен;

2) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының дұрыстығын, электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;

3) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР НКО) - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.