«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 518 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 518 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

14-тармақта:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) алушымен тиісті шарт (келісімшарт) жасасу жолымен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;»;

21) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

«26-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;»;

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;»;

35) тармақша алып тасталсын;

39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«39) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жіберу;

40) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алу;»;

42) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.