«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 156 бұйрығы

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 156 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлкеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю Қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шөп шабу және мал жаю үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және шөп шабу басталғанға дейін орманды табиғи немесе жасанды жолмен жаңарту, оларды жақсарту жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу көзделмейтін басқа да орман көмкермеген алқаптар және сексеуіл мен басқа да бұта түрлерімен көмкерілген (жинақталмаған орман екпелерінен басқа) орман алқаптары, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз екпелердің жекелеген учаскелері пайдаланылады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін малдың болуы және төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға да орман билеті жазып беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.