«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 390 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 65 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында: