«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 24 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) 5, 6, 7, 8-тармақтарының, 9-тармағының төртінші бөлігінің, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының қолданылуы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылсын.
Қағидалардың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
«5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.»;
Қағидалардың 9-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылсын:
«Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.»;
Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
«14. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.
Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 29 желтоқсаннан бастап 16 қаңтарға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.