«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 92 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нышандары туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 92 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 8 бұйрығымен күші жойылды

 

«Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының нышандары сипаттамалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының нышандарын дайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын ұстауға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары нышандарының бейнелері Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша шығарылатын баспа, кәдесый өнімдері, бейне және фотоматериалдарда орналастырылады.

4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау Департаментінің директорына жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.