«Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 285 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 205 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2526, «Дидар» газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 23, «Рудный Алтай» газетінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 23 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
«Бесқарағай ауданы» 1- бөлімінде:
2), 3) жолдар алынып тасталсын;
«Күршім ауданы» 7- бөлімінде: