«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы» (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 9-қосымша) (2024.26.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2020 жылғы 10 шілдедегі

№ 665 бұйрығына

9-қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 69 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

(2024.26.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.