«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2019.14.05. № 186 Қаулысымен күші жойылды

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 17 шілдедегі

№ 321 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.

2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны -қағаз жүзінде.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау нөмірін, күні мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылтәртібін сипаттау

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:

конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.