«Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы

 «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 32) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) ғылыми қызметкер - ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ұйымның ғылыми бөлімшелерінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ғылыми тағылымдама ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттары тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулер шеңберінде жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.