2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 18-3 шешімі
(2018.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабына және «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жамбыл облыстық мәслихатының 2018.05.03. № 21-2 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 208 102 412 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 19 804 051 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 436 157 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 500 000 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 186 362 204мың теңге;
2) шығындар - 207 130 871 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 296 949 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 218 976 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 922 027 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 276 312 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 5 601 720 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 601 720 мың теңге.
2. 2018 жылы облыстық бюджеттен аудандық және қалалық бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенция 90 991 495 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:
Байзақ ауданына - 8 252 928 мың теңге;
Жамбыл ауданына - 7 025 592 мың теңге;
Жуалы ауданына - 6 967 037 мың теңге;
Қордай ауданына - 10 250 299 мың теңге;
Меркі ауданына - 7 595 575 мың теңге;
Мойынқұм ауданына - 4 615 466 мың теңге;
Сарысу ауданына - 6 218 540 мың теңге;
Талас ауданына - 6 286 589 мың теңге;
Т.Рысқұлов ауданына - 5 238 635 мың теңге;
Шу ауданына - 8 469 625 мың теңге;
Тараз қаласына - 20 071 209 мың теңге.
3. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен Тараз қаласының бюджеттеріне республикалық бюджет қаржысы есебінен:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне;