Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидалары және оның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.