Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 258 бұйрығы
(2015.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 572 бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 16-1-бабы 4-тармағына сәйкес және «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығымен бекітілген Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидалардың 13-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне (Б.Б. Қанешев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
| Министр | Ә. Исекешев |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.23.07. № 785 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы