(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАРЛЫҚ, СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ Г...

Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығы

(2025.06.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2026 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция

 

ҚР Энергетика министрінің 2018.14.09. № 373 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Энергетика министрінің 2018.14.09. № 373 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.27.05. № 191 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Энергетика министрінің 2018.14.09. № 373 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

В. Школьник

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитетінің төрағасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.