«Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 30 наурыздағы № 150-нқ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 30 наурыздағы № 150-нқ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:

2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) есеп айырысу ұйымы - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, тауар биржасының клиринг орталығы биржалық сауда-саттықты жүргізу және (немесе) биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы шарт жасасқан ұйым;»;

75-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75-1. Биржалық сауда-саттықта жасалған биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысулар тауар биржасының клирингтік орталығы арқылы және сатып алушылар мен сатушылардың ақшалай міндеттемелері бойынша есеп айырысу ұйымы арқылы жүзеге асырылады.»;

312-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«312. Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміленің 1% аспайды.»;

мынадай мазмұндағы 29-тараумен толықтырылсын:

«29-тарау. Картоп саудасы секциясы

323. Картопты сатушылар:

1) азық-түлік мақсатында картоп өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері;

2) отандық картоп импорттаушылары - кәсіпкерлік субъектілері және (немесе) өзіне меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздер бойынша тиесілі картоптың меншік иелері, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталған картопты Қазақстан Республикасының аумағында өткізуді жүзеге асыратындар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.